Текст
05.01.2023
Ата-аналар жиналысындағы тренинг
Тоқсан соңында ата-аналармен қорытынды жиналыс ұымдастырылды. Жиналыс барысында оқушылардың оқу-тәрбие процесіне тоқталды. Ата-аналармен тренинг өтті.
20.12.2022
Код сағаты-2022
5-11-желтоқсан арасында мектеп оқушыларымен "Код сағаты-2022" сағаты ұйымдастырылды. Код сағаты 3-4-сыныптарда сынып сағатының аясында, 5-9-сыныптарда информатика сабақтарында ұйымдастырылды. Әр оқушы сертификат алды.
13.12.2022
5-6-сыныптар арасындағы аудандық олимпиада
5-6-сыныптар арасында желтоқсанның 13-і күні пәндер олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиада барысына мектеп оқушылары қатысты. Қорытындысында Шакенов Мейрам орыс тілі пәнінен ІІ-орын жетекшісі Мушанбекова Ж.Г. және математикадан ІІІ орынды Марат Нұрислам жеңіп алды....
13.12.2022
«Жанұя бақыты» ата-анамен кездесу
Мектебімізде "Жанұя бақыты" тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті. Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы...
29.11.2022
5-6-сыныптар арасындағы олимпиада
Жекен Рыспамбетұлының құрметіне арналған 5-6 сыныптар арасында ІІ аудандық математика олимпиадасында ІІІ орын алған Шакенов Мейрамды құттықтаймыз. Пән мұғалімі Тажибаева Г.Т.
29.11.2022
Робототехника-2020
"Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам" аудандық робототехника конкурсының "Шығармашыл санаты"SMART CITY" категориясына қатысқаны үшін сертификат алған "Робокоп" командасын құттықтаймыз. Жетекшісі Искендир Г.А.
20.11.2022
"Біз салауатты болашақ үшін" флешмоб
Тақырыбы: Біз салауатты болашақ үшін
Мектебіміздің Адал ұрпақ ұйымының қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі аясында «Біз салауатты болашақ үшін» атты мектеп оқушыларымен әр үзілісте флешмоб ұйымдастырылды.
20.11.2022
"Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы"
Мектебімізде "Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы" тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
11.11.2022
Достық. Сыйластық.Махаббат.
Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Достық. Сыйластық. Махаббат" тақырыбында жоғары сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. Оқушылар тақырып аясында өз ойларымен бөлісті.
08.11.2022
Жергілікті құқық қорғау инспекторларымен кездесу
07 қараша мектеп оқушылары мен жергілікті құқық қорғау инспекторларының кездесуі өтті. Кездесу барысында «Баланың құқығы жөніндегі конвенцияда» отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілгені туралы айтылды.