"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тірбие сағаты 3-сынып "Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл" Сынып жетекшісі Искендирова С.А.

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Баратай негізгі мектебі

Искендирова Сулушаша Ауталипқызы

 

     Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл.
Мақсаты: Денсаулықтың негізі- қимыл, спортпен шұғылданып, дұрыс ұтымды тамақтанып өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеп, ойын арқылы да салауатты өмір салтын сақтауға болатындығын ұғындыру.
 Әдісі: ойын, жұмбақ шешу, мақал-мәтел айту, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: ақыл тақтасы
Барысы :
І.Психологиялық тренинг.

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен.

Амандасып алайық.

Бір жадырап қалайық.

ІІ. Кіріспе бөлім.
2-3 сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» атты сабағымызға қош келдіңіздер!
Тәрбие сағатымыздың мақсаты: Денсаулықтың негізі- қимыл, спортпен шұғылданып, дұрыс ұтымды тамақтанып өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеп, ойын арқылы да салауатты өмір салтын сақтауға болатындығын ұғындыру.
Бүгінгі тәрбие сағатында оқушыларды екі топқа бөлемін.

І. І топ «Денсаулық» тобы (слайд арқылы топтың атына түсінік беру)

ІІ топ «Салауат» тобы (слайд арқылы топтың атына түсінік беру)

                      Әр топ , тобымен, ұранымен таныстырады.
ІІ.  Сұрақ-жауап

ІІІ. « Білегіңе сенбе, біліміңе сен »  блиц-турнир сұрағы 
4. Ойын : « Бас қатырғыш »

5.   Жарнама
6. Сергіту сәті

7. Ойын: Қапшықта не бар?
8. Суреттер сөйлейді.. « Менің салауатты өмірім »
9.  « Кім тапқыр?» мақал айту

10. Тілекке тілек қос

11. Қорытынды
  Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартып жатыр.

1-оқушы:     

Шылым шегу - зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі. Бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі бұзылады, терісінің қасиеті кемиді.
2-оқушы: Алкоголъ - адамды уландыратын зат. Ол әртүрлі химиялық қосылыстардан тұрады, егер оны көп мөлшерде пайдаланса, сол адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, ас қорыту мүшесіне, нерв жүйесіне, миға әсер етеді. Көп мөлшерде қолданса, адам өліп кетеді.
   3-оқушы: Ішімдік, темекі, есірткі  адам ағзасына ғана зиян келтіре ме?Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа әсер етіп қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде никотиннен басқа улы заттар, шаң, күйе болады. Олар ауаға таралып ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, екеуі де атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту. ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде.   

  4-оқушы: «Сен білесің бе?» айдары
1. Шылым шегуден жылына 25 млн. адам өледі.
2. Әр шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады.
3. Шылым шегетіндердің 80%-ы өкпе ауруымен ауырады.
4. Қазақстанда 393 мың -ВИЧ-пен ,76 мың СПИД пен ауырады.
5. СПИД-пен ауыратындардың дені жастар.
6. Шектен тыс шай мен кофе ішу де - есірткінін бір түрі.
7. Қазақстанда темекі тартатындардың саны 5 миллион.
8. Қалаларда  есірткінің  құрбаны болған  7-8 жастағы балалар тіркелуде.
5-оқушы:Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер? 
Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым. 
6-оқушы: Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек? 
Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу. 
7-оқушы:.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет? Таңертеңгі жаттығу адамды шынықтырады, көңіл-күйін қалыпқа келтіреді, сергек болады.
8-оқушы: Денсаулыққа не зиян?Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу
9-оқушы:Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.
10-оқушы:

Денсаулықты сақтаудың негізгі 7 кепілі:

Біріншісі - ерте тұру.
Екіншісі - орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі - дене шынықтыру.
Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.
Бесіншісі - үнемі сергек жүру.
Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі - көп ұйқтап жалқау болмау
Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.
Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан
ІІІ. « Білегіңе сенбе, біліміңе сен » Ой ашу: блиц-турнир сұрағы.
Оқушылар қолдарын көтеріп  екі тілде (қазақша-орысша) жауап беру керек
1.Тіс тазартатын құралдар (щетка-щетка,тіс пастасы-зубная паста)
2. Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын-мыло)
3. Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене шынықтыру-физкультура)
4. Жалқаудың досы (еріншектік-лентяй,  ұйқы-сон)
5 Адам өміріне ең қажет (ауа-воздух, су-вода, жылу-тепло, жарық-свет, тамақ-еда)
6) тазалық кепілі (денсаулық-здоровье)
ІҮ. Ойын : « Бас қатырғыш »
Ойынның шарты: көкөністер мен жемістердің суреттері қиынды түрінде берілген, сол қиындыларды жылдам, дұрыс орналастыру керек.
Ү. Жарнама(1 –топ айранды жарнамалайды.)

   Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт- табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.

(2–топ құртты жарнамалайды.)

    Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады.« Орбит» сатып алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.

VІ. Сергіту сәті: Би-қозғалыс, қозғалыс-денсаулық, денсаулық-зор байлық.
VI
І. « Қапшықта не бар?» ойыны.
Ойынның шарты: ойыншылардың көздері байлаулы болады, кезекпен келіп, қапшықтың ішіндегі заттардан біреуін таңдап алады да сипап сезу арқылы заттың атын айту керек және алған заты адам денсаулығына пайдалы ма, әлде зиян ба соны ажыратып айтуы тиіс.
ҮІІІ. Суреттер сөйлейді : « Менің салауатты өмірім » 
ІХ. « Кім тапқыр? » , бұл ойында оқушылардың денсаулық туралы мақал мәтелді қаншалықты жақсы білетіндігін анықтау.

1. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
2. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
3. Күлкі денсаулық мүлкі
4. Ішің ауырса.аузыңды тый
    Көзің ауырса, қолыңды тый

5. Сұрап алған аурудың емі табылмас

6. Бірінші байлық-денсаулық,

Екінші байлық-ақ жаулық.

Үшінші байлық-он саулық.

7.Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

8. Денің сау болса, жарлымын деме....Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.

9. Дені сау адам –....табиғаттың ең қымбат жемісі

10. Сырқат тән жарасы,... қайғы жан жарасы.
1. Дені саудың, жаны сау.
2. Тазалық-саулық негізі,
Саулық-байлық негізі.
3. Демі бардың-емі бар.
4. Басы аманның малы түгел. 
 .5. Жан ауырса-тән азабы,

      Қайғы басса-жан азады

6. Жалқаулық-жаман ауру.

7. Сақ жүрсең,...сау жүресің.

 

8.Тыста ұзақ жүргенің –...ұзақ өмір сүргенің.

9. Жарлының байлығы – денінің саулығы. 

10. Елемеген ауру жаман,....ескермеген дау жаман.

Х. Тілекке тілек қосып, жүректен жүрекке. Оқушылар бір - біріне тілектерін жазып ұсынады.

ХІ.  Қорытынды. «Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің таңдауымыз салауатты өмір салты.

 

 

Жаңартылған күні: 11.04.2019 17:34
Құрылған күні: 13.04.2019 01:19

Текст